Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов McDonald's-тың Қазақстаннан кетуіне не себеп болғанын айтты

Опубликовано:

McDonald’s мейрамханасы
McDonald’s. Көрнекі фото: Рexels.com

Үкімет кулуарында министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов McDonald's фастфуд мейрамханалар желісінің Қазақстаннан кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлихан Смайылов осындай ірі халықаралық брендтердің нарыққа шығуының оң және теріс жақтарына тоқталды.

"Елімізде ірі халықаралық брендтердің болғаны жақсы, өйткені бұл инвестициялық ахуалға оң әсер етеді. Дегенмен фастфудтың адам ағзасына тигізетін пайдасы шамалы. McDonald's-тың нарықтан кетуі инвестициялық ахуалға немесе біздің еліміздегі басқа да жағдайларға байланысты емес. Бұл McDonald's-тың Ресей нарығынан шығуымен тікелей байланысты. Жұмыс аясында шикізат пен жартылай фабрикаттар әу бастан Ресей нарығы арқылы қамтамасыз етілді.

Тағы қандай себептері болды? Олардың бірі – бұл McDonald's өз өнімдеріне қоятын өте жоғары талаптары", – деді ол.

Оның айтуынша, мейрамханаларға өнімді жеткізу үшін жеткізушінің бірқатар сертификаты болуы керек. Бұл ретте бәрі маңызды – өнімнің сапасыyf да, орау сапасына да мән беріледі.

"Барлық қатаң талаптарды орындау үшін инвестор қомақты қаржы бөліп, инвестиция салуы керек. Дегенмен қазақстандық нарық шектеулі, сондықтан мұндай ауқымды инвестиция қысқа мерзімде ақталмайды", – деп қосты ол.

Оның айтуынша, ол бұл компанияның Қазақстандағы жұмыс орындарын сақтап қалу туралы шешімдерін біледі.

"Бұл компанияда 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ол үшін халықаралық брендті қолданбай жұмысты жалғастыру керек. Сондай-ақ олар компанияның тұрақты жұмыс істеуі үшін қазақстандық өнім өндірушілерден шикізат пен жартылай фабрикаттарды алу мәселесін тәртіппен шешеді деп ойлаймын", – деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2004988-alixan-smaiylov-mcdonalds-tyn-qazaqstannan-ketuine-ne-sebep-bolganyn-aitty/

pixel