Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада лаундж-барлардың біріндегі жанжал соңы атыспен аяқталды (видео)

Опубликовано:

Түнгі Қызылорда. Фото
Түнгі Қызылорда. Фото: POLISIA.KZ Telegram-арнасы

Қызылордада жергілікті көңіл көтеру мекемелерінің бірінде келген қонақтар арасында келіспеушілік туындап, оның соңы атыспен аяқталды, деп хабарлайды ІІМ POLISIA.KZ Telegram-арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, Қызылордадағы лаундж-барлардың бірінде 10 қаңтар күні, сағат 01:30-да қаланың екі тұрғыны арасында жанжал болған. Осылайша, кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі таңда жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, ол үйіне жіберілген.

ПД мәліметінше, кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстап, одан дәлелдер алынған.

"Бүгінде аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді жергілікті полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005039-qyzylordada-laundz-barlardyn-birindegi-zanzal-sony-atyspen-ayaqtaldy-video/

pixel