Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда МӘМС басшысы миллиондарды жымқырды деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Руслан Бектубаев. Фото
Руслан Бектубаев. Фото: Lada.kz

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры Ақтау филиалының директоры Руслан Бектубаев 17,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Lada.kz басылымына Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, Бектубаевпен бірге аталған істе медициналық фирма директорларының бірі де күдікті ретінде танылып отырған көрінеді.

Белгілі болғандай, аталған компания қормен тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық қызмет көрсетудің сатып алулары жөніндегі келісімшартқа отырған.

Осылайша тараптар денсаулық сақтау министрлігі базасына адамдар ем алды немесе дәрігер көмегіне жүгінді деп жалған ақпарат енгізіп отырған.

"Яғни тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетілді деп енгізген, ал шынында бұл қызметтер көрсетілмеген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - деді Маңғыстау облысы прокуроры Руфат Куттуков.

Сонымен бірге басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, Руслан Бектубаев екі ай бойы тергеу изоляторында отырғаны анықталды. Сол сияқты оның болжалды сыбайласы да ешқайда кетпеу туралы хатқа қол қойған.

Ал филиалдың бұрынғы директорының мүлкі тәркіленіп, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005048-aqtauda-mams-bassysy-milliondardy-zymqyrdy-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel