"Мәселе жеке бақылауымда": Бурабайда қайтыс болған жасөспірімнің оқиғасына қатысты министр пікір білдірді
Жарияланған күні:
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомство алқасының кулуарында Бурабайдағы балалар лагерінде қайтыс болған баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ғани Бейсембаев ең алдымен марқұм жасөспірімнің ата-анасына көңіл айтты.
"Бұл барлығымыз үшін қиын жағдай. Осы жағдайға байланысты комиссия құрылды. Барлығы мұқият тексеріледі. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Комиссияның тексеру қорытындысы бойынша лагерь басшылығы қатаң жазаланады", – дейді министр.
Бұл ретте ол құқық қорғау органдарының қосымша тексеру жүргізіп жатқанын еске салды.
"Мән-жай анықталғаннан кейін тексерудің түпкілікті қорытындысын жариялаймыз", – дейді Ғани Бейсембаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бурабайдағы балалар лагерінде 14 жастағы жасөсіпірім көз жұмғанын хабарлаған едік.
Алайда жасөспірімінің анасы сараптама қорытындысымен келіспейтінін, себебі лагерьге кеткен ұлының дені сау болғанын жеткізді. Сондықтан ол бұл жағдайды президенттен бақылауға алуды сұрап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005129-masele-zeke-baqylauymda-burabaida-qaitys-bolgan-zasospirimnin-oqigasyna-qatysty-oqu-agartu-ministri-pikir-bildirdi/