Қазақстанда заңдастырылмаған шетелдік көліктер қалай анықталады
Жарияланған күні:
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстанда заңдастырылмаған шетелдік көліктер қалай анықталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Игорь Лепеха заңдастыру аяқталғанша, шетелде тіркелген көліктерге қатысты рейд жүргізілмейтінін атап өтті.
"Заңдастыру аяқталғанша біз рейдтер жүргізбейміз. Бірақ заңдастыру аяқтала салысымен біз "заңды жүргізуші" рейдін жүргізетінімізді ескертемін. Сонда шетелдік тіркелген барлық көлікті құжаттарының бар-жоғын, құжаттарға сәйкесін тексереміз және олардың неге әлі тіркелмегенін анықтаймыз" , – дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру биыл 23 қаңтарда басталып, 2023 жылдың 1 шілдесін дейін жалғасатынын хабарлаған едік.
Қазақстандықтарға жеңіл көліктерді, шағын, орта автобустарды (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк көліктерін (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде рулі оң жақта орналасқан көліктерді заңдастыру құқығы беріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005144-qazaqstanda-zandastyrylmagan-seteldik-kolikter-qalai-anyqtalady/