Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында отбасылық жанжал кезінде басынан жарақат алған әйел жансақтау бөліміне түсті

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында отбасылық жанжал кезінде басынан жарақат алған әйел жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, Түркістан қаласының орталық ауруханасына басынан жарақат алған әйел жеткізілген.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізген. Жедел-тергеу тобы анықтағандай, Сауран ауданында тұратын ерлі-зайыптылар арасында қызғаныштан жанжал туындап, салдарынан күйеуі әйелінің бас аймағына зақым келтірген.

Аталған жайт 11 қаңтар күні Сауран АПБ-да Қылмыстық-кодекстің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелген.

Жан-жақты жүргізілген тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу"), 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қайта сараланған.

Сондай-ақ дәл сол күні күдіктіні ұсталып, қамауға алынған.

Құзырлы орган қажетті сараптамалар тағайындалғанын, жарақат алған әйел аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар ведмоство жалпы бұған дейін жәбірленуші полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша арыз түсірмегенін де айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005161-turkistan-oblysynda-otbasylyq-zanzal-kezinde-basynan-zaraqat-algan-aiel-zansaqtau-bolimine-tusti/

pixel