Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы кинотеатр маңында болған атыс: күдікті қамауға алынды

Жарияланған күні:

Тапанша
Тапанша. Көрнекі фото: Pexels.com

Әлеуметтік желіде Павлодарда полицейлер арасында атыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға Polisia.kz сайтының Telegram-арнасында түсініктеме берілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ІІМ мәліметінше, 12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесінің бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындап, оның барысында жанжалға қатысушылардың бірі ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған.

"Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген хабарламада.

Жанжалға қатысушылардың арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласы ПБ қызметкері де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005295-pavlodardagy-kinoteatr-manynda-bolgan-atys-kudikti-qamauga-alyndy/