Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 30 жастағы жігітке жыныстық зорлық-зомбылық жасады деп күдікке ілінгендер ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: pixabay.com

НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Алматыда жас жігітке үш ер адам зорлық-зомбылық жасағаны туралы ақпарат таратты. Бұған қатысты полиция пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алматыда үш ер адам жас жігітке жыныстық зорлық жасады. Алматы уақытымен түнгі бірде #НеМолчиKZ сенім телефонына бір жігіттен өтініш түсті. Біздің тәжірибемізде бұл төртінші жағдай. Оның екеуі ер адамдарды топпен зорлау болса, бұл осындай үшінші қылмыс", - деп жазды Дина Таңсәрі Instagram желісінде.

Қоғам белсендісінің сөзінше, жас жігіт зорлық әрекетіне ұшырағаннан кейін бірден қордың сенім телефонына жазған, сол уақытта ол полицияға шағымданып үлгермеген.

"Ол бізден егжей-тегжейлі кеңес алуды, өзіне қолдау іздеп, сауығып кетуді қалады. Мұндай жағдайда біз зардап шеккендерге кеңес беріп, өзіміз құзырлы органдарға жүгінеміз, оған заңгер мен психолог тауып береміз", - дейді ол.

Осы жайтқа қатысты полиция пікір білдірді. ІІМ-нің ресми Telegram арнасының хабарлауынша, 30 жастағы ер адам 15 қаңтарда полицияға арызданған.

"Оның айтуынша, ол өткен тәулікте жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер "ізін суытпай" ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, ұсталғандар 2001 және 2003 жылы туған азаматтар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ екені анықталған.

Сондай-ақ полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005464-almatyda-30-zastagy-zigitke-zynystyq-zorlyq-zombylyq-zasady-dep-kudikke-ilingender-ustaldy/