Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік көліктерді заңдастыру үшін қандай құжаттар керек: Ішкі істер министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Жақында Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру басталады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелдік көлікті заңдастыру үшін қандай құжаттар керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, көлік иесі төрт құжатты ұсынуы керек.

"Көлік иесі төрт құжатты ұсынуы керек. Ол өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік. Сонымен қатар көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Яғни мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік", - дейді Қайсар Сұлтанбаев.

Сонымен бірге аталған құжаттардың растығы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тексерілетіні белгілі болды. Бұл жұмыспен сарапшы–криминалист маман айналысады.

"Тексеруден кейін көлік иесінің ұялы телефонына нәтижесі және көлік құралын тіркеу үшін авто ХҚКО-ға келу туралы хабарлама жіберіледі", – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру қашан басталатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005491-seteldik-kolikterdi-zandastyru-usin-qandai-quzattar-kerek-iski-ister-ministrligi-zauap-berdi/

pixel