Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік көлікті заңдастыру қанша тұрады

Опубликовано:

автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелден әкелінген автокөлікті заңдастыруға қанша сома керек екені туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Көлік құралын тіркеу үшін мамандандырылғын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 200 мың теңге көлемінде бірреттік төлем жасалады. Техпаспорт үшін 4 313 теңге мемлекеттік баж бар. Сондай-ақ көлік иесі мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге мөлшерінде алым төлейді.

Барлық құжат тексеріліп, төлем жасалғаннан кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беріледі", – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, шетелдік көлікті бір рет тіркеп, заңдастыру жетіп жатыр.

"Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелден әкелінген автокөлікті уақтылы тіркеу талабын сақтауы қажет. Яғни ел аумағына кіргеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде заңдастыруы тиіс", – дейді ол.

Одан бөлек министрлік өкілі көлігін заңдастырған азаматтардың утиль алымнан босатылатынын айтты.

Құжат тапсыру 23 қаңтарда басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005495-seteldik-kolikti-zandastyru-qansa-turady/

pixel