Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде ер адамның бесінші қабатқа атпен көтерілген видеосы тарады: полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Көпқабаттың үйдің ішінде атпен жүрген ер адам
Көпқабаттың үйдің ішінде атпен жүрген ер адам. Видеодан кадр: t.me/qonandoylex

Желіде ер адамның көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатына атпен көтерілген видеосы тарады. Бұл бейнежазбаға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, аталған бейнежазба Тик-ток желісінде тараған. Видеода ер адам өзінің бесінші қабатқа дейін атпен көтерілгенін, арықарай жүру мүмкін емес екенін айтады.

Желі қолданушысының жазуынша, видео Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шашубай ауылында түсірілген.

Полиция қызметкерлері анықтағандай видео шын мәнісінде сол ауылда түсірілген Ал видеодағы азамат сол ауылдың 51 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Полиция ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілгенін атап өтті.

Ер адамға құқық бұзушылық әрекеті үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін немесе ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005509-zelide-er-adamnyn-besinsi-qabatqa-atpen-koterilgen-videosy-tarady-policiya-pikir-bildirdi/

pixel