Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Опубликовано:

тұрғын үй
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының әкімдігі "Отбасы банкпен" бірлесіп "Ақмола жастары" деп аталатын жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, таяуда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен "Отбасы банк" АҚ өкілдерімен кеңес өткен. Бұл ретте облыс әкімі өңір жастарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталған.

Жиын барысында өңірде "Ақмола жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатыны белгілі болған.

"Отбасы Банк" АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Нұрахметовтың айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты - 35 жасқа дейінгі жастарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету.

"Бұл бағдарламаның бірегейлігі - барлық шарттарды жергілікті атқарушы органдар пысықтайды. Ең ұзақ мерзім - 19 жылға дейін, ең көп несие сомасы -15 миллион теңгеге дейін", - дейді Алмат Нұрахметов.

Сондай-ақ "Отбасы Банк" өкілі несиенің жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз екенін, алғашқы жарна 10 пайыз болатынын атап өтті.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бағдарлама пилоттық жоба ретінде іске асырылады. Тұрғын үй ең алдымен Көкшетау қаласынан беріле бастайды.

"Өйткені жастардың басым бөлігі осында тұрады. Сондай-ақ жобаға жұмысшы мамандықтарда, денсаулық сақтау және білім беру салаларында жұмыс істейтіндерді қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", - дейді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақмола облысындағы жастардың үлесі 153 мың адамнан асып, бұл облыс халқының жалпы санының 20 пайызын құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005555-aqmola-oblysynda-zastarga-arnalgan-turgyn-ui-bagdarlamasy-iske-qosylady/

pixel