jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Қар ерітіп бас жудық": Алматы облысында бір ауыл аязды күнде сусыз отыр

Алматы облысында сусыз қалған ауыл
Алматы облысында сусыз қалған ауыл. Фото: Almaty.tv

Аязды күндерде құбыр қатып, Алматы облысындағы бүтін бір ауыл сусыз қалды. 4 күннен бері тіршілік көзін тау-тастан іздеп қажыған халық болған іске мердігерлер мен әкімдікті кінәлайды. Жауаптылар болса, тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып ақталды, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Жаңатұрмыс тұрғындарының айтуынша, тіршілік көзі жоғалғалы 4 күн өтсе де, жергілікті әкімдік не мардымды жауап бермей, не тиісті іс тындырмаған.

Сондықтан халықтың өз бетінше түрлі амалды қарастыруына тура келген.

"Кеше кешке қызым қарды ерітіп, басын жуды. Бүгін мектепке кетті. Амал жоқ, қайтеміз енді", – дейді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Кендірбек Қапаш.

Әкімдік өкілінің сөзінше, судың болмауына негізгі құбырдың қатып қалуы себеп көрінеді. Сондықтан мердігерлердің мұзды еріту жұмысына ауыл тұрғындары да жұмыла кіріскен.

6 мыңға жуық халқы бар елдімекендегі су құбырына "Таусамалы қызметі" мемлекеттік мекемесі жауапты. Кәсіпорын өкілінің сөзінше Жаңатұрмыс жұртына ауыз су бүгін берілу керек.

Инженердің сөзінше, ауылға су әзірге бүгін салынған құбыр арқылы жіберілмек. Жергілікті билік өкілі болса, мұндай жағдай тағы қайталанбас үшін жұмыс жалғасатынын айтты.

"Қар ерітіп бас жудық": Алматы облысында бір ауыл аязды күнде сусыз отыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.