Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды

Опубликовано:

жер
Жер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда мемлекеттік меншікке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, jerkarta.gharysh.kz геосервисінде бұған дейін игерілмеген, заңсыз беріліп, мемлекетке қайтарылған учаскелер туралы барлық ақпарат орналастырылған.

Министрлік енді азаматтар интерактивті карта арқылы кез келген уақытта қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторинг жүргізіп және осы учаскелерді алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алатынын атап өтті.

"Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыстар мен аудандар бөлінісінде инфографиканы әзірлеу, сондай-ақ порталдың интерфейсін толтыру процесі аяқталып жатыр", - дейді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі интерактивті картаны енгізу қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу бойынша жұмысты ашық әрі айқын ететінін жеткізді.

Бұған қоса учаскелерді қайта бөлудің одан әрі мониторингін аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі департаменттер, әкімдіктер мен прокуратура қызметкерлері қол жеткізе алатын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры платформасында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

"Қайта бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстарды өткізу модулін Электрондық сауда алаңының базасында іске асыру ұсынылады. Қазіргі уақытта заңнамаға сәйкес, жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қағаз жүзінде өткізіледі", - деп қосты Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005602-elimizde-qaitarylgan-auyl-saruasylygy-zerlerinin-interaktivti-kartasy-iske-qosyldy/

pixel