Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жол апаты жиі тіркелетін күн анықталды

Опубликовано:

Жол апатына түскен көлік
Жол апатына түскен көлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстанда жол апаты жиі болатын күн белгілі болды. Еліміздегі жолдарда дүйсенбі күні жол апаты жиі болса, сейсенбі мен сенбі күндері жол апаты көбейетіні анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, былтыр қаңтар–қараша айларында елімізде 13,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға артық. Оның ішінде 1,7 мың (немесе 13 пайызы) оқиға өліммен аяқталған.

Былтыр тіркелген құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 11,6 мың жағдай жүргізушілердің кінәсінен болса, 378 жағдай жаяу жүргіншілердің, үш жағдай коммуналдық қызметтердің кінәсінен, ал бір жағдайға жол қызметтері мен мердігерлер кінәлі болған.

Қазақстандағы ең "апатты" күн — дүйсенбі. Жол-көлік оқиғасы сондай-ақ сенбі мен сейсенбіде жиі тіркелген. Мұндай оқиғалар бейсенбі күні аз болады.

Мамандар елдегі барлық жол-көлік оқиғасының 68 пайызы күндіз болғанын, 19 пайызы екінді, яғни кешкі уақытта, ал 12 пайызы түнде тіркелгенін айтты. Олар:

  • жаяу жүргіншіні қағу – 5 мың оқиға;
  • көліктердің соқтығысуы – 3,2 мың оқиға;
  • көліктің аударылуы – 1,2 мың оқиға;
  • тосқауылға соғылу – 514 оқиға;
  • жолаушылардың құлауы – 339 оқиға.

Өңірлік бөліністе жол апаты көбінесе Алматыда тіркелген, яғни 3,5 мың жол апаты. Бұл үштікке Алматы және Жамбыл облыстары кірген.

Былтыр Түркістан облысында тіркелген жол-көлік оқиғасы көбінесе өліммен аяқталған. Бұдан әрі Қарағанды, Ұлытау, Абай және Қызылорда облыстары тұр. Ең аз өліммен аяқталған ЖКО Алматы қаласында (барлығы 2,4 пайыз) және Астанада (3,5 пайыз), сондай-ақ Жамбыл облысында (10,1 пайыз) тіркелді.

Жалпы 2022 жылы қаңтар-қараша айларында 19,5 мың адам жол апатынан зардап шекті. Соның ішінде 2,2 мың адам көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005650-elimizde-zol-apaty-zii-tirkeletin-kun-anyqtaldy/

pixel