Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығын - 4 млрд теңге: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Сот балғасы
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбеде "Выгодный депозит" қаржы пирамидасын құрып, оған жұмыс істеді деп күдікке ілінген алты адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, "Выгодный депозит" қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 10 жылға сотталса, қалған бесеуі 8 жылға бас бостандығынан айрылған.

Сондай-ақ телеарна ұсынған мәліметтерге сәйкес, олардың мүлкі тәркіленіп, жәбірленушілерге келтірген шығын толығымен өтелетін болды.

"Аймағамбетовке түпкілікті 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 7 жыл қаржы ұйымдарын басқаруға тыйым салынсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды", - деді №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Жанас Қуанышев.

Айта кетейік, "Выгодный депозит" қаржы ұйымы 2019 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың ақпаны аралығында Батыс Қазақстан бойынша жұмыс істеген. Оларға 700-ден астам адам қаржысын алып, артынша тұрғындарды алдады деген айып тағылды.

Сонымен қатар ұйымға жылжымайтын мүлік, қаржы салып зардап шеккендердің ең үлкен соммасы - 40 млн теңгені екені анықталды. Ал жалпы шығын 4 млрд теңгеден асады, дейді телеарна тілшілері. Ал қаржы ұйымының мүшелері өткен жылдың соңында қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005751-sygyn-4-mlrd-tenge-aqtobede-qarzy-piramidasyn-uiymdastyrusylarga-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel