Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінің бетіне қатқан мұзда суретке түскісі келген ақтаулықтар суға құлауда (видео)

Опубликовано:

Каспий жағалауы. Кадр видеодан алынды
Каспий жағалауы. Кадр видеодан алынды: Instagram/aktau_caspiy

Каспий теңізінің жағалауы өңірде ауа температурасының күрт төмендеуінен мұз болып қатып жатыр. Осыған орай Ақтау тұрғындары мұзда әдемі суретке түсеміз деп, ескертулерге құлақ аспауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жергілікті пабликтердің мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауын бірнеше метрге дейін мұз басқан. Алайда тұрғындар мұз ойылу қаупіне қарамастан, теңіз бетіне шығып, суретке түсуде.

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде соңғы кездері адамдардың мұз ойылып, суға түскен видеолары жиі тарауда. Мәселен жергілікті тұрғындар түсірген бейнежазбалардың бірінде ер адамның беліне дейін суға түсіп кеткенін, абырой болғанда оған өзге адамдар көмектескенін көруге болады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев та өзінің Instagram парақшасында Каспий теңізінің бетін мұз қалай басқанын көрсеткен.

"Биылғы қатты аяздардан Каспий теңізінің жағалауын қалың мұз басты", - деп жазған ол бейнежазбада.

Осыған орай Маңғыстау облысы ТЖД мұздағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • дұрыс қатпаған мұздың үстіне шықпаңыз;
  • топпен мұздың бетінде бір жерде жиналып тұрмаңыздар;
  • мұздағы жарықшақ, ойықтарға жақындамаңыз;
  • түнгі уақытта және шамалы көрінетін кезде мұзға шықпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005772-kaspii-tenizinin-betine-qatqan-muzda-suretke-tuskisi-kelgen-aqtaulyqtar-suga-qulauda-video/

pixel