Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасым төртте": Есепті мүдірмей шығарып, желінің жұлдызына айналған балақайдың кім екені белгілі болды

Опубликовано:

Ойын алаңындағы бала. Көрнекі сурет
Ойын алаңындағы бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Желіде төрт жасар баланың есепті мүдірмей шығарып, көпті сүйсіндірген видеосы тараған еді. ҚазАқпарат тілшілері осы орайда балақайдың кім екенін анықтап көрген.

Басылымның мәліметінше, кішкентайынан өзінің есепке жүйріктігімен көзге түскен 4 жасар балақай Түркістан облысы, Шардара ауданына қарасты Егізқұм елді мекенінің Ислам Купбай атты тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, кішкентай "математиктің" есеп шығарған сәтін оның достары видеоға түсіріп, желіге салған екен. Осылайша балақай көпті алғырлығымен таң қалдырып, әп-сәтте желінің жұлдызына айналған.

Сонымен қатар басылым Ислам - отбасындағы төртінші перзент әрі үйдің кенжесі екенін хабарлайды. Исламның әкесі Канатбек Сайтмамбетовтың сөзінше, оның бойындағы зеректік атасынан дарыған болуы мүмкін. Айтуынша Исламның атасы есепті "шемішкеше шағатын", мықты математик болған.

Сондай-ақ, Исламның аға-әпкелері де сабақта озат оқушылар екені белгілі болды.

Қазіргі таңда Ислам балабақшаға барып жүрген көрінеді. Бүгінде есепке жүйрік 4 жасар бүлдіршінді ауылдастары "есеп шығаратын бала" деп атап кеткен. Кішкентай Ислам сонымен бірге болашақта үлкен математик болғысы келетінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005887-zasym-tortte-esepti-mudirmei-sygaryp-zelinin-zuldyzyna-ainalgan-balaqaidyn-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel