Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шетелге оқуға жіберуге уәде берген": Алматыда бірнеше тұрғын оқуға аттанамыз деп, оңбай алданып қалған

Опубликовано:

Әмияндағы ақша. Көрнекі сурет
Әмияндағы ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда жеті адам полицияға шағымданған. Олар Англияға оқуға аттанамыз деп алданып қалғандарын айтқан. Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жұмыстары басталғаны белгілі болды, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасы.

Белгілі болғандай, EGOV.PRESS Telegram-арнасында алаяқтарға алданып қалған адамдардың бейнежазбасы жарияланған. Видео авторларының айтуынша олар бір жыл бұрын, шетелге оқуға аттанулары тиіс екен. Тұрғындар тіпті осы мақсатта 400 мың теңге көлемінде қаражат та берген, алайда сол күйі оқуға түсе алмаған.

Ведомствоның дерегінше, аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелген көрінеді.

"Полицияға ресми арызбен 7 адам жүгінген. Ықтимал эпизодтарды жоққа шығармаймыз. Қазіргі таңда істің объективті мән-жайларын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жедел және тергеу шаралары жүргізілуде", - дейді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005890-setelge-oquga-ziberuge-uade-bergen-almatyda-birnese-turgyn-oquga-attanamyz-dep-onbai-aldanyp-qalgan/

pixel