Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шетелге оқуға жіберуге уәде берген": Алматы тұрғындары оқуға аттанамыз деп, оңбай алданып қалған

Опубликовано:

Әмияндағы ақша. Көрнекі сурет
Әмияндағы ақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда жеті адам полицияға шағымданған.Олар Англияға оқуға аттанамыз деп, оңбай алданып қалғандарын айтқан. Полицейлер бүгінде аталған іске қатысты тергеу жұмыстарын бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасы.

Белгілі болғандай EGOV.PRESS Telegram-арнасында алматылық тұрғындардың бейнежазбасы жарияланған. Видео авторларының сөзінше, олар Англияға оқуға аттануы тиіс болған. Бұған қоса олар осы мақсатта 400 мың теңге төлегендерін, алайда ешқайда оқуға түсе алмағандарын айтқан.

Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелген көрінеді.

"Полицияға ресми арызбен 7 адам жүгінген. Ықтимал эпизодтарды жоққа шығармаймыз. Қазіргі таңда істің объективті мән-жайларын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жедел және тергеу шаралары жүргізілуде", - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005891-setelge-oquga-ziberuge-uade-bergen-almaty-turgyndary-oquga-attanamyz-dep-onbai-aldanyp-qalgan/

pixel