Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сейсенбіде Қазақстан мегаполистерінің бірінде шуақты ауа райы күтілуде

Опубликовано:

шуақты күн
Шуақты күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 19 қаңтар, сейсенбіде Қазақстанның ірі қалалары мен ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, кең ауқымды антициклонның әсерінен бүгін республика аумағында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Тек күндіз еліміздің шығысында аздаған қар жауады, республиканың оңтүстігінде жел күшейеді, тұман күтіледі.

Ал ел мегаполистерінің бірі Алматыда аздап күн жылынады. Көшпелі бұлт шыққанымен, ауа температурасы күндіз -3...-5 градус аралығында болады. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада да бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болмақ. Ауа температурасы күндіз 12...-14 градус аралығында. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Шымкент тұрғындарын да бүгін шуақты күн күтіп тұр. Күндіз ауа температурасы -1...+1 градус аралығында. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005899-seisenbide-qazaqstan-megapolisterinin-birinde-suaqty-aua-raiy-kutilude/

pixel