Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрлігі мәжіліс пен мәслихат сайлауына қанша қаражат бөлінетінін мәлім етті

Опубликовано:

сайлау
Сайлау жәшігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрлігі мәслихат пен мәжіліс депутаттарының сайлауына қанша қаражат бөлінетіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаржы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлауға кететін қаражат биылғы жылдың бюджет жобасына енген.

"Парламентте 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарау барысында, мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге 2023 жылы 33,4 млрд теңге сома қарастылып отыр", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сонымен бірге аталған қаражат бұған дейін 2025 жылға арналған бюджет жобасында бар екені айтылады. Аталған шығындар сайлаудың жаңа аралас жүйесін ескере отырып есептелген:

  • саяси партиялардан партия тізімі бойынша;
  • бір мандаттық, территориалды сайлау округтері бойынша.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының төрағаларымен және премьер-министрмен парламент мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005982-qarzy-ministrligi-mazilis-pen-maslixat-sailauyna-qansa-qarazat-bolinetinin-aitty/

pixel