Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада балаға дөрекілік танытты деп күдікке ілінген балабақша қызметкерлері жұмыстан босатылды

Опубликовано:

Баланың қолы. Көрнекі сурет
Баланың қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

17 қаңтар күні Астана тұрғыны қаладағы балалар орталықтарының бірінің тәрбиешісі баласына дөрекілік көрсетті деп полицияға шағымданған. Дәлел ретінде ол бейнебақылау камераларына түскен кадрларды көрсеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, оның баласы барып жүрген "Балам-ай" орталығы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталық екен. Осылайша әйел адам ұсынған бейнежазбалар қоғамда резонанс туғызған еді.

Бейнежазбадағы кадрлардан орталық қызметкерлері жасы кішкентай балаларға дөрекелік көрсетті деп болжауға болады. Қазіргі таңда полиция аталған мәселе бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

ІІМ ресми Telegram-арнасы хабарлағандай, қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ аталған іс бойынша тиісті сараптамалардың тағайындалғаны, олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатыны белгілі болады.

Қоғамда резонанс туғызған оқиғаға қатысты бас прокурор Берік Асылов та өзінің Twitter парақшасында пікір білдірген еді.

Ал Астана әкімдігі өзінің Telegram-арнасында шулы жағдайдан кейін инклюзивті орталықтың үш қызметкері жұмыстан босатылғанын хабарлады.

"Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ата-аналардың балаларға қатысты дөрекі қарым-қатынасы туралы шағымдары қабылданып, тыңдалды, нәтижесінде тексеріс жүргізіліп, фактілер расталды. Балалармен қарым-қатынас медициналық-әлеуметтік стандарттар мен этикалық-моральдық нормаларға сәйкес келмейді.

"Бұл жағдай бойынша дереу ішкі және сыртқы тергеу жұмыстары басталды. Дөрекі әрекет жасаған үшін үш қызметкерге қатысты жұмыстан шығару туралы шешім қабылданып, сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге қала әкімдігі орталық басшылығымен алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Сонымен бірге балалардың ата-аналарына басқа мемлекеттік орталық - Астана қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына ауыстыру ұсынылып, ата-аналар өз келісімдерін берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006061-astanada-balaga-dorekilik-tanytty-dep-kudikke-ilingen-tarbiesiler-zumystan-bosatyldy/

pixel