Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тұрғыны жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 12 млн теңге сыйақы алған

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысының тұрғыны жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 12 млн теңге сыйақы алған. Осылайша оның арқасында өңірдің бұрынғы әкімі орынбасарының әрекеті әшкере болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми Telegram-арнасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысының тұрғыны облыс әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін 12,2 млн теңге көлемінде сыйақы алған. Бұл параның жалпы сомасының 10 пайызын құраған.

Жалпы 2022 жылы барлығы 134 азаматқа 40,6 миллион теңге көлемінде сыйақы берілген. Бұл ретте ең үлкен мөлшердегі сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында тіркелген.

Сыбайлас жемқорлық қылмысын ашуға жәрдемдескен азаматтарға сыйақы беру қағидасына сай, төлем азаматтар хабарлаған адамға қатысты сот үкімінен кейін беріледі.

Бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз ететін болады. Бұдан бөлек, осы жылдың 3 қаңтарынан бастап азаматтардың бұл санаты куәгерлерді қорғау бағдарламасына жатқызылатыны белгілі болды.

"Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар агенттік 2022 жылы Антикор Call-орталығына 27 мыңнан астам қоңырау келіп түскенін, оның ішінде жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша 233 хабарлама түскенін мәлімдеді.

Сондай-ақ 37 хабарлама бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны, 18-і сотқа жолданғаны, сол сияқты сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі бойынша 20 істің тоқтатылғаны, ал 25-і ведомствоға бағынатын мекемелерге жолданғаны анықталды.

Өтініштердің басым көпшілігі қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін пара талап ету, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, "қамқорлық" көрсеткені үшін, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттеріне қатысты болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006146-atyrau-turgyny-zemqorlyq-turaly-xabarlagany-usin-12-mln-tenge-syiaqy-algan/

pixel