Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Өсербай Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Жеңіс Өсербай
Жеңіс Өсербай. Фото: Primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Жеңіс Әлібекұлы Өсербай берген өтінішіне сай еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ақмола технология және бизнес университетін, РФ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист ретінде бастаған.

2001-2002 жылдары – жеке ұйымның қаржы талдаушысы.

2004-2006 жылдары – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері.

2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006166-zenis-oserbai-auyl-saruasylygy-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel