Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі ер адамның лифттегі сүйісі: Министрлік қызметкерлері туралы жалған ақпаратқа қатысты іс қозғалды

Опубликовано:

жеделсаты
Жеделсаты. Көрнекі фото: pexels.com

Жақында желіде лифт ішіндегі екі ер адамның сүйіскен сәті түсірілген видео жария болды. Кейін видеодағы ер адамдар "Энергетика министрлігінің қызметкерлері" деген қауесет тарады. Жалған ақпараттың тарап кетуі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін EGOV.PRESS Telegram-арнасында лифтіде екі ер адамның сүйісіп тұрған видеосы пайда болған еді. Видео қазақстандықтар арасында резонанс тудырған болатын.

ІІМ ресми Telegram арнасының хабарлауынша, бүгін осы оқиғаға Энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатыстылығы туралы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Астана қаласының полиция департаменті бұрын әлеуметтік желілерде тараған лифтте болған оқиғаға энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатыстылығы туралы жалған ақпарат негізінде Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006205-lifttegi-ministrlik-qyzmetkerlerinin-areketi-turaly-zalgan-aqparatqa-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel