Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Медеу" табиғи паркінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Тау
Медеу ұлттық табиғи паркі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Медеу" табиғи паркінің лауазымды тұлғалары мен Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ведомствоның ресми Telegram арнасы.

Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті осы саладағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатқанын хабарлады.

"Жүйелі түрде пара алуда Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары әшкереленді.

Олардан бизнес өкілдерінен экологиялық бекеттерде автокөлік құралдарына экологиялық мониторинг жүргізу бойынша бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою үшін 12 млн теңгеден астам қаражат алынғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, жемқорлық жасауда әкімдіктің ведомстволық бағынысты ұйымы – "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" басшылығы әшкереленген.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кешенімен парк басшысының санитарлық бұтау және ағаштарды кесу жөніндегі шарттар аясында орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1,5 млн.теңге сомасында пара алғаны туралы дәлелдер алынды", - деп жазылған ведомствоның Telegram арнасындағы хабарламада.

Айта кету керек, табиғи парктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, оған Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка аумағы жатады және көлемі 700 гектардан асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006207-almatydagy-medeu-tabigi-parkinin-bassylygyna-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel