Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында 26 жастағы көпбалалы ана алып қызды дүниеге әкелді

Опубликовано:

Нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pexels.com

Маңғыстау облысында салмағы 5 кг 800 гр алып қыз дүниеге келді. Нәресте – Форт-Шевченко қаласының 26 жастағы тұрғынының бесінші баласы. Дәрігерлер бала салмағының үлкен болатынын алдын ала болжаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым мәліметінше, сәби 19 қаңтарда дүниеге келген.

"19 қаңтарда сағат 12.35-те салмағы 5 800 гр, бойы 65 см қызды дүниеге әкелдім. Жағдайым жақсы. Барлық дәрігерлерге алғысымды айтамын. Мен көп балалы анамын, бұл – менің бесінші сәбиім. Балаларымның барлығы ірі салмақпен дүниеге келді", - деді жас ана Айгүл Жұмбаева.

Басылым мұндай балалардың туу себептері әртүрлі болуы мүмкін екенін айтады. Айгүл Жұмабаеваның жағдайында генетикалық тұқымқуалаушылық болған.

"Баланың ірі болатынын білгенімізбен, операция жасауға негіз болған жоқ. Әйелдің денсаулығы жақсы болды. Жалпы, алып ұрықтың пайда болу себептеріне эндокриндік аурулар, витаминдерді қабылдау және тұқымқуалаушылық жатады", - дейді Ақтау қалалық периниталдық орталығының дәрігері Әйгерім Тәңірбергенова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006216-mangystau-oblysynda-26-zastagy-kopbalaly-ana-alyp-qyzdy-duniege-akeldi/

pixel