Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырған тағы бір азамат ұсталды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерге тиесілі 1 млн теңге сомасында қаржыны иеленді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 19 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері 1983 жылы туған Қанат Қоржыбаев (бұрыңғы тегі Құралұлы) есімді азаматтың әрекетін әшкерелеген.

"Ол өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденген.

Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Құржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Оның заңсыз істері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 Антикордың Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Антикор тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Алматыда Антикордың жалған қызметтік куәлігімен жүрген ер адам ұсталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006238-almatyda-antikordyn-tagy-bir-zalgan-qyzmetkeri-ustaldy/

pixel