Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты толқыдым": Алматылық өрт сөндіруші үшемнің әкесі атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт сөндіруші Еламан Дәуенов отбасымен. Фото
Өрт сөндіруші Еламан Дәуенов отбасымен. Фото: ТЖМ ресми сайты

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Еламан Дәуеновтың жас отбасында  Әмірхан, Әлихан және Аяла есімді  үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайты.

Ведомство ұсынған мәліметтер сай, 26 жастағы Еламан Дәуенов мемлекеттік өртке қарсы қызметте 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеуде.

Сонымен бірге ол 2022 жылдың 5 қаңтарында Абай көшесі, 34 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындарын құтқару жұмысына және өртті сөндіруге қатысқаны белгілі болды. ТЖМ дерегінше, сол кезде Еламан мен оның әріптестері бүлікшілердің  шабуылына тап болған.

Десе де өміріне төніп тұрған қауіп-қатерге қарамастан, өрт сөндірушілер кейін шегінбей, азаматтық киімін киіп, өртке оранған үйден тұрғындарды жоғарғы қабаттан эвакуациялап,  тілсіз жауды толығымен сөндірген.

Еламан Дәуенов отбасы және әріптестерімен. Фото
Еламан Дәуенов отбасы және әріптестерімен. Фото: ТЖМ ресми сайты

Нәтижесінде олар 1939 жылғы зейнеткерді құтқарып, ауруханаға аман-есен  жеткізген. Сонымен қатар,  екі әйелді бүлікшілерден аман алып қалып, 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі қауіпсіз жерге орналастырған.

Осыған орай, Еламан Дәуенов қаңтар оқиғасындағы қызмет барысында көрсеткен қайсарлығы, елдегі төтенше жағдай кезінде  азаматтардың мүлкін қорғап, тұрғындарға көрсеткен қамқорлығы үшін Алматы қаласы әкімінің және қалалық кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен марапатталған көрінеді.

Еламан Дәуенов үшемдерді перзентханадан шығарып алу сәтінде.  Фото
Еламан Дәуенов үшемдерді перзентханадан шығарып алу сәтінде. Фото: ТЖМ ресми сайты

"Мен үшемнің  әкесі болатынымды  білгенде қатты толқыдым. Әйелім екеуміз бұлай болуы мүмкін деп ойламадық. Әрине, қазіргі уақытта алаңдаушылық сезім бар. Кейбіреулер бір жаңа туған нәрестемен не істерін білмей жатады , ал бізде  бірден үш сәби дүниеге келді", - дейді өрт сөндіруші.

Қазіргі таңда ТЖД басшылығы жас отбасыға қолдау көрсетіп, оған Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті материалдық көмек берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006258-qatty-tolqydym-almatylyq-ort-sondirusi-usemnin-akesi-atandy-foto-video/

pixel