Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік пен шығыста күн бұзылады: еліміздің бірқатар облыстарында бүгін дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс көрінісі. Көрнекі сурет
Қыс көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 22 қыңтар күні, Қазақстанның бірқатар облыстарында жел күшейеді деп болжап отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Метеорологтардың болжамынша Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күні күн ашық болады деп күтілуде. Тек республиканың солтүстік-шығысында ғана аздап қар жауса, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді деп болжануда. Сонымен бірге оңтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Сонымен бірге бірқатар өңірлерде дауылдық ескерту жарияланды.

22 қаңтар күні Түркістан облысында тұман түседі деп күтілуде. Желдің жылдамдығы солтүстік, батыс пен таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда 15-20 м/с-ке дейін, ал таңертең және күндіз таулы аймақтарда 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Сол сияқты Шымкент пен Түркістанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді деп күтілуде.

Жексенбі күні, Қызылорда облысында, облыс орталығы - Қызылорда қаласындағы сияқты желдің жылдамдығы 20 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Жетісу облысы, Алакөл көлі аумағында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетіп, кей жерлерде 28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.

Павлодар облысының шығысы мен солтүстігінде бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысында бүгін жел күшейеді деп күтіледі. Оның жылдамдығы өңірде 15-23 м/с-ке дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен кейбір таулы аумақтарда желдің жылдамдығы 20 м/с-ке жетеді деген болжам бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006263-ontustik-pen-sygysta-kun-buzylady-elimizdin-birqatar-oblystarynda-bugin-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel