Top.Mail.Ru

Зектілері

"Биіктігі жарты метрден асады": ШҚО-да қалың қар жауып, жолда қалған 14 адам адам құтқарылды (видео)

Жарияланған күні:

Қыстағы жол. Көрнекі сурет
Қыстағы жол. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында биіктігі 50 см болатын қалың қар жауып, құтқарушылар 14 адамды қар құрсауынан алып шықты, деп хабарлайды республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы өзінің Telegram-арнасында.

Ведомствоның хабарлауынша сенбі, 21 қаңтар күні, Шығыс Қазақстан облысындағы "Омбы-Майқапшағай" күре жолында боран салдарынан жол жабылып, қозғалысқа шектеу енгізілген. Сонымен бірге жауған қар биіктігі шамамен 50 сантиметрге дейін жеткені белгілі болды.

Осылайша "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері кеше түнде республикалық маңызы бар автотрассаның жабық учаскесін қардан тазалап, жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсеткен.

"Арнайы техниканың көмегімен жол қызметкерлері қар құрсауынан 6 көлікті шығарып алды. 14 адам құтқарылды. Олар жақын маңдағы Үлкен Қаратал және Қаратал ауылдарына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ведомство өкілдері бүгін таңғы сағат 7.30-дан бастап жол қозғалысына енгізілген шектеу алынып, "ҚазАвтоЖол" қызметкерлерімен қауіпсіз жол жүру қамтамасыз етілегенін хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін республиканың бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006291-biiktigi-zarty-metrden-asady-sqo-da-qalyn-qar-zauyp-zolda-qalgan-14-adam-adam-qutqaryldy-video/