Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алғашқы шетелдік көлік заңдастырылды

Опубликовано:

Сейілбек Олжабеков
Алматыда алғашқы болып көлігін заңдастырған Сейілбек Олжабеков. Фото : polisia.kz

Алматыда шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясында алғашқы көлік тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық меди порталдың жазуынша, бүгін 39 жастағы Алматы тұрғыны Сейілбек Олжабеков алғашқылардың бірі болып Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеген.

"Мен – көпбалалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көріп жүрмін. Жеке жолаушыларды тасымалдаумен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым", – дейді Сейілбек Олжабеков.

Еске салайық, бүгін, 23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды.

Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдаланып, көлігін заңдастыруға өтініш бере алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006364-almatyda-algasqy-seteldik-kolik-zandastyryldy/

pixel