Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі пара алды деп күдікке ілінген қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қорғаныс
Фото: Қорғаныс минитрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі пара алды деп күдікке ілінген қызметкеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінген қызметкер бұған дейін жұмыстан шығарылған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері пара алды деген күдікпен Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қызметшіні ұстады. Аталған азамат бұған дейін қорғаныс ведомствосының құрамынан шығарылған болатын.

ҚР ҚӘПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Әскер өмірінде жемқорлықты жою үшін Қорғаныс министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кез келген жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006390-qorganys-ministrligi-para-aldy-dep-kudikke-ilingen-qyzmetkerine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel