Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтын, көмір, темір және мыс кен орындары Қазақстан меншігіне қайтарылды

Опубликовано:

шахта
Кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram-арнасы.

Ведомствоның хабаралуынша, үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Осылайша талдау барысында, 2022 жылы уәкілетті органдар қатты пайдалы қазбалар бойынша 115 келісімшарт пен 198 лицензияны, сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 12 келісімшартты бұзғаны белгілі болды.

Нәтижесінде мемлекеттік қорға алтын, көмір, темір, мыс, боксит, полиметалл және тағы да басқа кен орындары қайтарылып, олар кейіннен стратегиялық инвесторларға беру үшін аукционға шығарылған.

Белгілі болғандай, 2022 жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша бюджетке 26 млрд теңге қол қою бонусы төленіп, көмірсутек шикізатын геологиялық барлауға 50 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған.

Үкіметтің ресми арнасының мәліметінше, жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынуға арналған аукционға барлық мүдделі инвестор қатыса алады.

Сонымен қатар аукциондарды өткізу туралы ақпарат міндетті түрде республикалық басылымдар мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жарияланады.

"Бұдан бөлек уәкілетті органдар қаржылық міндеттемелерді бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл санкцияларын қолдану бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша 2022 жылы мемлекет кірісіне қатты пайдалы қазбалар бойынша 331 млн теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді, сондай-ақ көмірсутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңгеге берешек өтелд", - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006399-altyn-komir-temir-zane-mys-ken-oryndary-qazaqstan-mensigine-qaita-qaitaryldy/

pixel