Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда көз жұмған Әсем Жарбосынның денесі Қазақстанға мемлекет есебінен жеткізіледі

Опубликовано:

Әсем Жарбосын
Әсем Жарбосын: nu.eud.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Италияда қаза тапқан қазақстандықтың денесі елге қашан жеткізілетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айбек Смадияров 17 қаңтарда Италияда қазақстандық студент Әсем Жарбосынды көлік қағып кеткенін еске салды.

"Туыстарының өтініші бойынша біз олардың өтінімін қарастырдық. Мемлекет марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаражат бөледі. Құжаттар жақын уақытта дайын болады. Оны апта соңына дейін Қазақстанға жеткізеді деп ойлаймын", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі шетелде қиын жағдайға тап болған азаматтарымызға көмектесу үшін қаржы бөледі.

"Форс-мажор немесе күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда, әрине, мемлекет барлық шығынды өз мойнына алады", - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, 17 қаңтар күні кешке Италияның Салерно қаласында 27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып кеткен еді. Ол Салерно университетінің докторанты болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006400-italiyada-koz-zumgan-asem-zarbosynnyn-denesi-qazaqstanga-memleket-esebinen-zetkiziledi/

pixel