Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы жылу желілері" ЖШС бас директоры ұсталды

Опубликовано:

шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Алматы жылу желілері" ЖШС бас директоры Қуаныш Бейсенбиновты ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство Бейсенбиновты қамауға алу фактісін растады. Алайда оған нақты қандай айып тағылып отырғанын және аталған жайтқа қатысты өзге де ақпаратты жария етпеді.

Айта кетейік, Қуаныш Бейсенбинов "Алматы жылу желілері" ЖШС бас директоры қызметіне 2018 жылдың сәуір айында келген еді және оны аталған қызметке сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбек тағайындаған болатын.

Сонымен бірге Қуаныш Бейсенбинов әр жылдары Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы төрағасының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте қалалық білім бөлімінің бас маманы ұсталғанын жазған едік. Ол балабақша меңгерушілерінен пара алды деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006407-almaty-zylu-zelileri-zss-bas-direktory-ustaldy/

pixel