jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған оннан астам адам сотталды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда өткен жылы өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық әрекетін көрсеткен 21 факт тіркелген. Оның 12-не қатысты сот отырысы өтіп, үкім шыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алматы ПД жеке қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, аталған эпизодтар бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелген.

    "12 факт бойынша сот үкімі шықты және кінәлілер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лайықты жазаларын алды. Осы жылдың қаңтар айындағы деректер бойынша, департаменттің тергеу бөлімшесі күдіктілер қамауға алынған үш қылмыстық істі тіркеді. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бар әр оқиға ерекше бақылауда", - деді Алматы қаласы ПД жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Ерік Жұмабай.

    Оның айтуынша, билік өкілдеріне қатысты қауіп немесе зорлық-зомбылық әрекеті қылмыстық тұрғыда жазаланады және кінәлі деп танылғандарға үш жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.