Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Алматы және Балқаш қалаларын жылумен жабдықтау саласында жемқорлық фактілерін анықтады

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы және Балқаш қалаларын жылумен жабдықтау саласындағы жемқорлықты анықтады, деп хабарлайды ведомствоның ресми Telegram-арнасы.

Ведомство ұсынған мәліметтерге сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Алматы жылу желілері" ЖШС және "Балқаш жылу" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істерді тергеуде.

Белгілі болғандай "АлТС" ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

"Балқаш жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері өздерінің карточкалық шоттарына артық жалақы есептеу жолымен 272 миллион теңгеден астам ұрлық жасады деп күдіктелуде. Бұл ретте серіктестіктің жеткізушілер алдында 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға қарызы болған", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда екі факті бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған. Ведомствоның ақпаратынша, тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін "Алматы жылу желілері" ЖШС бас директоры Қуаныш Бейсенбиновтің ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006437-antikor-almaty-zane-balqas-qalalaryn-zylumen-zabdyqtau-salasynda-zemqorlyq-faktilerin-anyqtady/

pixel