Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында қаржы пирамидасы қағидаты бойынша әрекет етуі мүмкін деген күдіктілер тобы ұсталды

Опубликовано:

ұсталған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қаржы пирамидасы қағидаты бойынша әрекет етуі мүмкін деген күдіктілер тобын Жетісу облысының полицейлері ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, тергеу материалдары бойынша Қазақстанның әр өңірінен 25 жәбірленушіден арыз түскен.

Талдықорған маңында тұратын ерлі-зайыптылар, сондай-ақ Түркістан облысының Ленгер қаласының тұрғындары топ құрамында болған деген күдікке ілінді. Олар алаяқтық әрекеті үшін Whatsapp мессенджерінің мүмкіндіктерін пайдаланып, онда бір апта бойы арнайы чат арқылы сөйлескен.

"Жәбірленушілер банктердің бірінің арнайы шотына 10 мыңнан бастап 100 мың теңгеге дейін ақша жіберіп отырған. Бастапқыда уәде етілген пайданың 50-70 пайызы алынған. Екінші мәрте жіберілген үлкен сома, әрине, қайтарылмады. Талдықорғандағы шоттан ақшалай қаражат алынғаны белгілі болды. Осыған байланысты жәбірленушілердің арыздары Жетісу полициясында ресми түрде тіркелді", – делінген хабарламада.

Деректер бойынша тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөліміне ("Алаяқтық") сәйкес, Талдықорған қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілді.

"Қылмыстық істе елдің әр аймағында тұратын 20-дан астам адам болғанын ескере отырып, фактілерді тергеу бір жылдан астам уақытты алды. Қазіргі уақытта айыптау актісі қылмыстық істі сотқа жіберу үшін дайындалды", – деді Жетісу облысы ПД ТБ аға тергеушісі Азамат Тынысбаев.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, келтірілген залал 5 млн теңгеден асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006467-zetisu-oblysynyn-policeileri-qarzy-piramidasy-qagidaty-boiynsa-areket-etui-mumkin-degen-kudiktiler-tobyn-ustady/

pixel