Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында немересі әжесінің атына заңсыз 4 несие рәсімдеген

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ақмола облысында немересі әжесінің атына заңсыз төрт несиені онлайн рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, 20 қаңтар күні Степногорск қаласының полиция басқармасына алаяқтық туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінген.

Жәбірленуші 28 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында 1996 жылы туған немересі оның атына алаяқтық жолмен банктен несие рәсімдегенін айтқан.

"Алдын ала тергеу барысында 500 мың теңгеге банктік несиені бірінші рет күдікті жәбірленушінің қатысуымен және келісімімен рәсімдегені анықталды. Ал одан кейін әжесінің жеке деректері мен фотосуреттерін пайдаланған немересі жалпы сомасы 1,1 млн теңгеге жуық теңге болатын 4 онлайн несиені рәсімдеген", – дейді полиция өкілдері.

Полиция басқармасы осы фактіге сәйкес Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006468-aqmola-oblysynda-nemeresi-azesinin-atyna-zansyz-4-nesie-rasimdegen/

pixel