Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар Қазақстанда көкөніс бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

азық-түлік
Базар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мамандар Қазақстанда пияз, орамжапырақ, қияр және қызанақтың бағасы қымбаттайды деп болжап отыр. Шенеуніктердің сөзінше, баға кем дегенде 5 пайызға көтеріледі, алайда экономистер мұндай болжаммен келіспейді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстігіндегі қатты аяз салдарынан көкөніс өнімдері үсіп қалған. Мамандар әсіресе пияз, орамжапырақ, қияр және қызанаққа қатты залал келгенін айтады.

Осыған сәйкес, шенеуніктер енді аталған көкөністердің бағасы қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді. Десе де, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл көкөністердің қаншалықты қымбаттайтынын нақты айта алмай отыр.

"Барлығы қымбаттайды. Әрине бүгінде бәрі қымбаттауда. Алайда ол үкімет бекіткен инфляциялық дәліз шеңберінде ғана қымбаттауы керек", - дейді АШМ агроөнеркәсіптік нарықты қайта өңдеу департаменті директоры Қанат Жауымбаев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі, сондай-ақ, баға инфляциялық дәлізден артық көтерілмейтінін, яғни 4-5 пайыз мөлшерінде ғана көтірілетінін айтады.

Алайда қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтің сөзінше, жыл соңына дейін азық-түлік өнімдері тағы 15-20 пайызға қымбаттауы мүмкін. Ол бұл болжамның қатты құрғақшылық немесе жаңа геосаяси ахуалдар болмайтынын ескере отырып жасалғанын айтты.

"Әзірге баға қатты өсетіндей негіз жоқ, алайда бізде министр, депутат немесе қандай да бір шенеуніктің қисынсыз жазбасынан кез келген өнімге сұраныс артуы мүмкін. Сол себепті бәрі жақсы болады деп айтуға болмайды. Бізде алдыңғы жылы көктемде картоп тапшылығы болғанын білесіздер ғой, сол сияқты былтыр көктемде қант болмады", - деді Андрей Чеботарев.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде сүт өнімдері қымбаттауы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006480-qazaqstanda-kokonis-bagasy-qymbattauy-mumkin/

pixel