Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, бұрқасын, жел: Сәрсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 25 қаңтар, сәрсенбіде Қазақстан мегаполистері мен ел аумағынада ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет РМК-ға" сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, кең ауқымды Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен бүгін де республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауып, бұрқасын болып, жел күшеюі ықтимал. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман күтіледі.

Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада қар жауады деп күтілуде. Күндіз -11...-13 градусқа дейін, түнде -16-18 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Бұдан бөлек елордада жел күшейіп, жылдамдығы 9-14 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Ал Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы күндіз -3...-5 градус, түнде -12...-14 градус аралығында болмақ. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Шымкентте термометр бағаны -1-ден +1 градусқа дейін көтеріліп, аздап күн жылынуы ықтимал. Дегенмен, ауа температурасы түнде -13...-15 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006645-qar-burqasyn-zel-sarsenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel