Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коммуналдық қызмет қымбаттайды

Жарияланған күні:

жылу
Жылу жүйесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда ыстық, суық су, электр энергиясы, жылу және кәріз жүйесі сынды коммуналдық қызметтер тарифін көтеру жоспарланып отыр. Десе де, қала билігі төлемдердің қаншалықты өсетінін әлі нақты айта алмай отыр. Тарифтердің не себепті өсетінін және оның қандай нәтиже беретіні туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Krisha.kz

Брифингте Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілінің айтуынша, табиғи монополия субъектілерінің әрқайсы үшін тарифтердің өсуі әртүрлі болады.

Бұл ретте желілердің ұзындығы мен олардың қаншалықты тозғаны ескерілмек.

"Қазіргі таңда талдаулар жасалып, есептер жүргізілуде. Тарифтердің қаншалықты өсетінін біз әзірге нақты айта алмаймыз. Аталған бағдарлама 2029 жылға дейін желілердің тозу көрсеткішін 15 пайызға төмендетуге бағытталған.

Сонымен қатар тұтынушылардың салған қаражаты қоғам тарапынан бақыланатын болады және иесі жоқ желілер бойынша жұмыс жалғасады. Қабылданған іс-шаралар қызмет сапасына әсер етеді, яғни желілердің істен шығуы мен апаттар азаяды", - дейді Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева.

Оның сөзінше, Алматыда желілер айтарлықтай тозған. Мәселен, жылу және электр энергиясы желілері 60 пайызға, су және кәріз жүйесі 50 пайызға тозған.

Сонымен бірге басылым суық су мен кәріз жүйесі тарифтері едәуір өсетінін атап өтті. Себебі, аталған қызметтердің төлемі Алматыда ғана емес, жалпы Қазақстандағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Жалпы алғанда аталған салада бюджеттік субсидиялаудан нарықтық қаржыландыру жүйесіне біртіндеп көшу жоспарланған.

Бұл ретте билік өкілдері тариф негізсіз көтерілмейтініне сендіріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006662-almatyda-kommunaldyq-qyzmet-qymbattaidy/