Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда

Жарияланған күні:

калькулятор және қаламсап
Калькулятор және қаламсап. Көрнекі фото: pixabay.com

Активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарлануда. Бұл туралы үкіметте заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қарау барысында айтылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. 

Қатысушылар президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қараған.

Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге және т. б. бағытталған нормалар қарастырылған. 

Сондай-ақ кеңес барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады. 

Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген. 

Премьер-министр Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды. 

Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006664-aktivter-turaly-arnaiy-deklaraciyany-tapsyratyn-tulgalardyn-sekteuli-tizilimin-quru-zosparlanuda/