Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда медицина қызметкерлері жаңа туған сәбиді сатты деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Сәби
Cәби. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразда жаңа туған сәбиді сату фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбиді сату фактісі анықталған.

2023 жылдың 12 қаңтарында аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сондай-ақ Тараз қалалық көп бейінді ауруханасының 2 медицина қызметкері ұсталған.

Құзырлы орган қазіргі таңда аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторында қамауда екенін, тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006688-tarazda-medicina-qyzmetkerleri-zana-tugan-sabidi-satty-degen-kudikke-ilindi/

pixel