Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2040 жылға қарай Алматы халқының саны 3 млн-ға жетуі мүмкін

Опубликовано:

Алматы көшесінде кетіп бара жатқан ата
Алматы көшесінде кетіп бара жатқан зейнеткер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда қаланың бас жоспарын әзірлеушілер 2040-2050 жылдарға қарай оңтүстік астана халқының саны қаншаға жететінін болжады, деп хабарлайды NUR.KZ.тілшісі.

Алматы қаласы бас жоспарын қоғамдық талқылау барысында 2030 жылға қарай мегаполис тұрғындарының саны 2,5 млн адамға жетуі мүмкін деген болжам айтылды.

Ал 2040 жылға қарай аталған көрсеткіш 3 млн, 2050 жылға қарай - 3,6 млн адамға жетуі мүмкін.

Бұл ретте мамандар қала халқы санының өсуі табиғи өсіммен емес, негізінен көші-қонмен байланысты болатынын айтып отыр.

Сонымен бірге халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін, жаңа тұрғын үйлер де көптеп салынады деп күтілуде. Болжам бойынша 2040 жылға дейін тұрғын үйлердің жалпы көлемі 45,6 млн шаршы метрді құрауы мүмкін.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспары үш күн бойы талқыланады. Оған қала кеңесінің мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, сәулетшілер, құрылысшылар, сейсмологтар, экологтар және т.б. қатысады. Үшінші күні бұған қала тұрғындары да атсалысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006694-2040-zylga-qarai-almaty-xalqynyn-sany-3-mlnga-zetui-mumkin/

pixel