Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 жыл іздеуде болған: Таразда шетел азаматы ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы ПД мен ҰҚКД 2018 жылдан бастап іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ІІМ ресми Polisia.kz медиапорталы.

Басылымның мәліметінше, 24 қаңтар күні жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 35 жастағы Өзбекстан азаматын ұстаған.

Ведомство ұсынған мәліметтерге сай, ер адам Өзбекстан Республикасы ҚК 216 бабы 1 бөлігі "Кәмелетке толмаған тұлғаны заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу" бабы бойынша 2018 жылдан бастан мемлекетаралық іздеуде жүрген.

Қазіргі таңда ол Тараздағы уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

Сондай-ақ хабарламада ол жақын арада Өзбекстанның құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тапсырылатыны айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006789-5-zyl-izdeude-bolgan-tarazda-setel-azamaty-ustaldy/

pixel