Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүріп бара жатқан көліктің терезесінен шығып билеген ақтөбелік жігіт жауапқа тартылды (видео)

Опубликовано:

Ер адам
Видеодан кадр: instagram.com/opg_aktobe

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жүріп бара жатқан көліктің терезесінен шығып алған видеосы тарады. Осыған байланысты пікір білдірген Ішкі істер министрлігі Telegram арнасында жігіттің жауапқа тартылғанын хабарлады.

Іnstagram желісіндегі Opg_aktobe парақшасында жүріп бара жатқан көліктің терезесінен жартылай шығып алған жолаушының бейнежазбасы пайда болды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Ақтөбе полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзған жас жігітті анықтаған.

"21 жастағы жігітке қатысты ӘҚБтК-нің 615-бабы "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ министрлік жауапқа тартылған азаматтың Қазақстан халқынан кешірім сұрағанын да атап өтті.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша 2 айлық есептік көрсеткіштен (6900 теңге) 20 айлық есептік көрсеткішке дейін (69 мың теңге) айыппұл салу немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006813-zurip-bara-zatqan-koliktin-terezesinen-sygyp-bilegen-aqtobelik-zigit-zauapqa-tartyldy-video/

pixel