Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда ЖОО оқытушысы ұсталды

Опубликовано:

оқытушы
Оқытушы Көрнекі фото.: pixabay.com

Таразда Жоғары оқу орындарының бірінің оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиапорталы.

Басылымның мәліметінше, 20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы ЖОО бірінің 46 жастағы оқытушысын қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұстаған.

"Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп 4-курс студенттерінің әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады.

Қазіргі таңда ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп жазады ақпараттық медиапортал.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007007-tarazda-zoo-oqutysysy-ustaldy/

pixel